«ҚР мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы туралы» Заңының ауданында орындалуы туралы 

 

Бүгінгі таңда аудан  көлемінде  «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» Заңының орындалу барысында  аудан әкімі жанындағы  ҚР мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия белсенді жұмыс жасауда.

Аталған заңға енгізілген өзгерістерге байланысты жылма-жыл толықтырулар жасалынып мемлекеттік мекемелер мен білім беру орындарының, сонымен қатар меншік түріне қарамастан басқа да қоғамдық ұйымдар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік рәміздерді пайдаланудағы, орналастырудағы, сондай-ақ көрнекіліктер арқылы насихаттаудағы шараларын – Заңның қабылданған жаңа нұсқасына сәйкестендіру туралы тиісті нұсқаулар беріліп,  әдістемелік көмектер көрсетілуде. Жергілікті атқарушы және өкілетті органдарда Мемлекеттік Тулар мен Мемлекеттік Елтаңбалар алынған.

Биылғы жылы жаңадан  8  мемлекеттік ту мен 8 мемлекеттік елтаңба сатып алынды. Жаңадан 11 билборд, 20 стенділер мемлекеттік рәміздерге арналып жасалынып ілінген.  Аудан аумағындағы ресми іс шаралар өткізу кезінде  Мемлекеттік Рәміздерді қолданудың рәсімді ережелерін қатаң сақталуына және жиі пайдаланылуына тұрақты көңіл бөлініп, бақылауда ұсталып келеді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен пайдалануға, жастар мен балаларды тәрбиелеуде «Мемлекеттік рәміздер – отанын сүюге тәрбиелеу негізі» айдары мен 4 – маусым- «ҚР рәміздер күні», облыстық жастар симпозиумы, Конституция күндерінде және мерекелерде кешенді насихаттау шаралары жүзеге асырылды. Балабақшалар мен көптеген мектептерде, мемлекеттік мекемелерде рәміздер бейнелері талапқа сәйкес орналасқан, сонымен бірге арнайы орындар бөлініп, безендірілуіне қол жеткізілген. Аудан мектептерінде аптаның әр дүйсенбісінде алғашқы сабақ Мемлекеттік Гимн айтудан басталады. Күнделікті өтіп жатқан   спорт ойындары, маңызды іс-шараларда, мемлекеттік мерекелерде Мемлекет Туы көтеріліп, Мемлекеттік Гимнді салтанатты тыңдау дәстүрі қалыптасқан.  Аудандық «Балқаш өңірі» газеті мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен дұрыс пайдалану жөнінде тоқсанына екі рет мақалалар мен хабарлар беріліп тұрады. Бұл жұмысқа АНТ-да өз үлестерін қосуда. Мемлекеттік рәміздердің бекітілген стандарттарға сәйкестігіне, Мемлекеттік Тудың түсіне,   Елтаңбаның көлеміне Мемлекеттік Рәміздердің орналасу тәртібіне т.б жалпылама сыртқы көрінісіне де назар аударылады.

 Бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес аудандағы мекемелерге және селолық округ әкімдіктеріне тексерулер жүргізіп, орын алған кемшіліктермен жұмыс жасалуда.

       «ҚР мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы туралы» Заңының Балқаш ауданында жүзеге асыруда аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жұмыстарын алдағы уақытта да белсенділікпен жалғастыра береді.