|
«Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Бөлім бастығы – Құтпанбетов Азат Үкітайұлы Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын және осы салада жергілікті атқарушы билік органдарының қызметін үйлестіретін «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органы болып табылады. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, тұрмысы төмен отбасыларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін уақытылы және дұрыс тағайындау, тұрмысы төмен азаматтардың ішінен жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету жөніндегі заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асырады. Аудандық халықты жұмыспен қамту Бағдарламасын әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету; кедейшілікті төмендету, жұмыспен қамту жөніндегі және басқа да әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуын талдау; халықты жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ететін белсенді шараларды дамыту, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету деңгейін көтеру. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады және жұмыссыздарды кәсіби даярлау тәжірибесін жетілдіреді; Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру, еңбек рыногында бәсекеге қабілетсіз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ететін шаралар өткізеді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын әрбір нақты отбасының кедейшілік деңгейіне байланысты саралап жіктеуді қамтамасыз ету жолымен іске асырады. Атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі туралы индикативтік жоспар жасауға қатысады. Азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарау, талдау жасау және оның себептерін жинақтайды. Мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдарымен, протез-ортопед бұйымдарымен, сурдо-техника құралдарымен қамтамасыз етеді, соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді және халықтың басқа да санатын әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарды іске асыру, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінде тұратын зейнеткерлерге, мүгедектерге материалдық-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік және мәдени қызмет көрсету, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлерін және соларға теңестірілген тұлғаларды санаторлық-курорттық жолдамалармен қамтамасыз етеді. Мүгедектерді оңалту бағдарламасын, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асырады, ауыр дәрежеде кемістігі бар балаларды күтуде әлеуметтік көмек көрсету, жалғызбасты қарттарға және еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ведомствалық статистикалық есепті э- собес нысаны бойынша құрастырады. ![]()
«Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 4 бөлімше бар.
2011 жылғы бөлім бюджетінің кірістер және шығыстар жоспары 108576,0 мың. теңге болып құралады, оның ішінде: 96717,0 мың. теңге- жергілікті бюджетттен; 1092,0 мың теңге –республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер 10767,0 мың. теңге –облыстық бюджеттен : Жалпы бөлім бойынша шығыстардың орындалуы 2011жылдың 1 қазанына жоспар 82600,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 82596,8 мың теңге немесе 99,9% орындалды.
|
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |
.jpg)






