Мәдени ошақтарының атқарған жұмыстары 

 

Бүгінгі күні Балқаш ауданында 16 мәдениет үйлері, оның ішінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын 11 мәдениет үйі, 14 кітапхана, 1 аудандық тарихи өлкетану мұражайы аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді.

- Қаржыландырылуы:

 Жалпы 2011ж жылы аудандғы мәдениет мекемелерін ұстауға бөлінген қаражат 36,007млн теңге  бөлінді.

 - Кітапханаға  2011ж16,546  млн. теңге  бөлінді.

Өткізілген шаралар

 Аудан бойынша 2011 жылыдың  8 айында  267 іс-шара  ұйымдастырылып, оған аудандағы барлық мәдениет мекемелері атсалысты.  Ауданда бүгінгі таңда  мәдениет үйлерінде 56 үйірмелер жұмыс жасайды, оларға 500 адам тартылған.

Жұмыс жасайтын би, домбыра, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері үйірмелері ауданда ұйымдастырылатын барлық шараларға белсене атсалысады.

Ауданда жас таланттарды тәрбиелеуде, үлкен сахна шығару мақсатында түрлі байқаулар өткізіліп, оларды сахна мәдениетіне қалыптастыру, дауыс ырғағы қойып, үлкен сахнаға тәрбиелеу жұмыстары үнемі назарға алынған.

Биылғы Елбасы Жолдауы өзінің жаңа міндеттері мен мақсаттарын алға қоюда.  Ол міндеттердің бәрі бүгінге айқындалып, орындалу жолдары белгіленді.

Қаңтар айының  басында  Қазақтың  дара  тұлғасы - Д.А.Қонаевтың  туғанына  99 жыл  толуына  орай «Дара  елдің, дара  перезенті»  атты  мерекелік  кеш  өтті.  Д.А.Қонаевтың туған күніне орай аудан орталығында «Ғасыр саңлағы» тақырыбында, барлық кітапханаларда және аудандық мұражайда көрмелер, әдеби кештер ұйымдастырылды. 

    Д.А.Қонаевтың  100 жылдығына  орай  100 шара  жоспары  жасалынып  жоспар бойынша іс –шаралар ұйымдастырылуда. Ақпан айында М.Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына орай М.Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Жырлайды  жүрек» ән байқауы, «Поэзия , менімен егіз бе едің?» атты аудындық ақындар байқауы, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыстар ұйымдастырылып, барлық жеңімпаздардан қорытынды кеш өткізілді.  Жеңімпаздары облыстық байқауға қатысып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды. «Мұқағали  -қазақ поэзиясының  Хантәңірі» поэзиялық  кешке  мектеп,  мектеп-интернат оқушылары, №10 кәсіптік лицей студенттері, ауыл, аудан жастары  қатысты. Аудан атынан Қарасазда өткен байқауға    Манақова  Фарида  жолдама  алып, республикалық сайысқа қатысып, ынталандыру жүлдесімен марапатталды.

Сондай-ақ Ж.Жабаевтың туған күніне орай «Жыр алыбы-Жамбыл» атты тақырыпта Бақанас кәсіптік-лицейде жыр кеші өтті.  Ж.Жабаевтың  165 жылдығына  орай  өткен  облыстық  байқауға  Тлемисова  Маргарита  қатысып  «Алғыс  хат» пен  және  бағалы  сыйлықпен  марапатталды.   Жастар саясатын жүзеге асыруда бір қатар шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ: «Махаббат  қызық  мол  жылдар»  атты  жастар  арасында  пікір-талас , әртүрлі тақырыпта би  кештері, көңілді тапқырлар сайысы, тағы басқа жастардың деңгейін көтеретін көптеген шаралар ұйымдастырылды. 

Бақбақты ауылында  мәдениет  үйінің  ұйымдастыруымен  «Менің  Отаным - Қазақстан»  атты  оралмандар  арасында  ұмытылуға  айналған  дәстүрлі  салтарды  жандандандыру  мақсатында  байқау  ұйымдастырылды. Көктал ауылдық  мәдениет  үйінде  Д.А.Қонаевтің  100 жылдығына  орай «Айгөлек»  байқауы  өтті. Бірлік  ауылдық  мәдениет  үйінің  ұйымдастыруымен  «Қазақтың  келіндері-ай» атты келіндер  сайысы  өтті.

8 наурыз- «Халықаралық   әйелдер  күніне» орай  «Ана - өмір  жүрегі»  атты  мерекелік концерт  өтті.

22 наурызда  күні – «Ұлыстың  Ұлы  күніне»  арналған  театрландырылған  «Наурыз думан,наурыз-ән»  атты  мерекелік  кеш   өтті.

Жалпы ауданымыздағы  барлык  мәдениет  үйлері  жоспарлы  шаралар  ұйымдастырып,  жастардын бос уақыттарын  тиімді  пайдалануға  өз  үлестерін   қосуда. 

Аудандық  мәдениет  үйінде  1 сәуір - «Күлкі  күніне»  арналған  сатиралық  кеш өтті. 23 сәуір  күні  ауданнан  шыққан  ақын, журналист  С.Байдүйсенұлының  70 жасқа  толуына орай әдеби танымдық кеші,  сәуір  айының  аяғында  аудан  орталығында  Көктал  ауылдық  мәдениет  үйінің  жанынан  құрылған  «Шырын»  бишілер  тобы  есеп  беру  кештері  өткізілді.

 1 мамыр -  «Қазақстан халқтарының бірлігі күні» мерекесіне  арналған  «Ел  тірегі-бейбітшілік»   атты  шеру, концерт бағдарлама,   жастарға  арналған би  кеш  өтті.   Бұл  мерекеге барлық  мекемелер,  басқа  ұлт  өкілдері,  тұрғындар   қатысты.  

9 мамыр  күні – «Ұлы Жеңістің  66 жылдық  мерекесіне»  орай  «Желбіре  Жеңіс  туы»  атты  көпшілік мерекелік іс-шара өтті.   

 1 маусым – «Балаларды  корғау  күніне»   арналған «Айгөлек» балалар байқауы ұйымдастырылды.

 20 маусым –Медицина қызметкерлері күніне арналған «Ақ халатты абзал жан» атты салтанатты жиналыс өткізілді. Жиында ауданның медицина салысының қызметкерлерін арнайы құрмет грамоталар, алғыс хаттар және әртүрлі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 5-6 тамыз күндері «Ауылшаруашылық күніне» орай ауыл көркемөнерпаздарының «Шалқыма» атты ән-би байқауы және ақындар мүшәйрасы өткізіліп жеңімпаздарға арнайы құрмет грамоталар, алғыс хаттар және әртүрлі бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 19 тамыз «Тәуелсіз елім менің-Қазақстан» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясындағы ауданның мәдениет күні өткізілді.

 Әр   айдың  соңында   аудандық  мәдениет  қызметкерлерінің  арасында  семинар  ұйымдастырырылып, өз тәжірбелерімен  алмасады. Үйірмелер  жұмысы  тыңдалып  алдағы  уақытта  ұйымдастырылатын  мәдени  шаралардың  жоспарлары  талқыланып,  бекітіледі.