1. Сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну. |
| Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары және азаматтар - өзін-өзі ұсыну жолымен. 2011 жылғы 16 қарашадабасталады және сайлау күніне бір ай қалғанда – 2011 жылғы 14 желтоқсандааяқталады. (103-б.) |
2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпаратты тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
| Тиісті әкімдер. Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей. (23-б.) |
3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.Сайлау тағайындалғаннан кейінжеті күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей. (17-б.) |
4. Сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекараларын және округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
| Аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей. (22-б.) |
5. Округтік сайлау комиссияларының құрамын тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей. (15-б.) |
6. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей. (13-б.) |
7. Сайлаушылардың тізімдерін жасау. |
| Тиісті жергілікті атқарушы органдар, халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынатын мәліметтердің негізінде. (24-б.) |
8. Сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссиясына жеткізу. |
| Тиісті әкімдер. Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын – 2011 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей. (24-б. 5-т.) |
9. Мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттың назарына оның ұсынылғаны туралы шешімді жеткізу. |
| Қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары. (103-б. 3-т. 1) т-ша) |
10. Мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге округтік сайлау комиссиясына ұсыну. |
| Қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары, депутаттыққа кандидаттар. (103-б. 3-т. 2) т-ша) |
11. Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау. |
| Округтік сайлау комиссиялары. Азаматтың өзін-өзі ұсыну жолымен дауысқа түсуге берген өтініші немесе қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органының кандидатты ұсынуы туралы хаттамасының көшірмесімен қоса оның дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші түскен сәттен бастапүш күн ішінде. (103-б. 8-т.) |
12. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2011 жылғы 1 қарашаға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру. |
| Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Кандидат тіркелгенге дейін. (104-б. 1-1-т.) |
13. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру. |
| Округтік сайлау комиссиялары. 2011 жылғы 16 қарашада басталады және сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда - 2011 жылғы 20 желтоқсанда аяқталады. (104-б. 8-т.) |
14. Мәслихат депутаттығына кандидатты тіркеу туралы хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына табыс ету. |
| Округтік сайлау комиссиялары. Бес күндік мерзімде. (104-б. 5-т.) |
15. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
| Округтік сайлау комиссиясы.Кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей. (104-б. 6-т.) |
16. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. |
| Салық қызметі органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде. (104-б. 1-1-т.) |
17. Округтік сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу. |
| Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары. Кандидаттың тиісті округтік сайлау комиссияларына өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде (Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 19.08.2011 ж. № 7/8 қаулысы). (34-б. 2-т.) |
18. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу. |
| Округтік сайлау комиссиялары. Кандидат тіркелгеннен кейін. (34-б. 6-т.) |
19. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру. |
| Округтік сайлау комиссиялары. Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін тапсырылғаннан кейін. (31-б.) |
20. Сайлау алдындағы үгіт. |
| Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2011жылғы 21 желтоқсандабасталады және 2012 жылғы 13 қаңтарда24 сағатта аяқталады). (27-б. 2-т.) |
21. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру. |
| Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалған күннен бастап сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін. (28-б. 6-т.) |
22. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру. Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
| Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде. (28-б.4-т.) |
23. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну. |
| Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру күніне дейін он бес күн қалғанда – 2011 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей. (26-б. 1-т.) |
24. Сайлау учаскелерінде дауыс беретін уақыт пен орын туралы сайлаушыларды хабардар ету. |
| Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күнненкешіктірмей – 2012 жылғы 4 қаңтардан кешіктірмей. (38-б. 2-т.) |
25. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушылардың назарына жеткізу. |
| Аумақтық сайлау комиссиялары. (38-б. 1-т.) |
26. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi анықталатын округтiк сайлау комиссиясының отырысын өткізу үшін, отырыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, сайлау учаскесін айқындау. |
| Округтік сайлау комиссиялары. Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 4 қаңтардан кешіктірмей. (43-б. 8-1-т.) |
27. Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу. |
| Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары. Сайлаудан кем дегенде бір күн бұрын – 2012 жылғы 13 қаңтардан кешіктірмей. (37-б. 3-т.) |
28. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау. |
| Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын. (2012 жылғы 15 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 6-00-де) (40-б.) |
29. Дауыс беруді өткізу . |
| Учаскелік сайлау комиссиялары. Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, сайлау күні, 2012 жылғы 15 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін. (38-б. 1-т., 42-б.) |
30. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыстарды санау туралы хаттама жасау. |
| Учаскелік сайлау комиссиялары. Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, жергілікті уақыт бойынша сағат 20-00-де басталады. (43-б.) |
31. Хаттаманың көшiрмесiнжұртшылықтың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға ілу. |
| Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыстарды санау аяқталысымен – дереу. (43-б. 8-т.) |
32. Дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну. |
| Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін – дереу. (108-б. 1-т.) |
33. Сайлау округі бойынша мәслихат депутатын сайлаудың нәтижелерін белгілеу, тиісті хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну. |
| Округтік сайлау комиссиялары. Сайлау өткізілген күннен бастап екікүндік мерзімнен асырмай – 2012 жылғы 18 қаңтардан кешіктірмей. (108-б. 2-т.) |
34. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн жалпыжұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының отырысы өткізілген сайлау учаскесiнің үй-жайында ілу. |
| Округтік сайлау комиссиялары. Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін – дереу. (43-б. 8-1-т.) |
35. Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы алдын ала жиынтық тiзiмдемені жалпыжұрттың танысуы үшiн отырыс өткен сайлау учаскесiнiң үй-жайында iлу. |
| Округтік сайлау комиссиялары. Дауыс беру күнінен бастап бес күннен кешіктірмей – 2012 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей. (43-б. 8-2-т.) |
36. Округ бойынша сайлау нәтижелері туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
| Округтік сайлау комиссиялары. (16-б. 9) т-ша) |
37. Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау. |
| Аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірмей - 2012 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей. (111-б. 1-т.) |
38. Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
| Аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 22 қаңтардан кешіктірмей. (44-б. 4-т. 2) т-ша) |
39. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
| Округтік сайлау комиссиялары. Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде - 2012 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей. (34-б.4-т.) |
40. Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу, тиісті куәліктер беру. |
| Аумақтық сайлау комиссиялары. (46-б. 3-т., 112-б. 1-т.) |