|
Аудан әкімі, бірінші орынбасары, орынбасарлары, аппарат басшысы арасындағы міндеттерді БӨЛУ Балқаш ауданының әкімі Көшкімбаев Айтбай жергілікті атқарушы органға басшылық етеді және аудан аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Республика Үкіметінің, Алматы облысы әкімінің тікелей өкілі болып табылады. Аудан әкімі өз міндеттерін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы және басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асырады. Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым - қатынастарда ауданның мүддесін қорғайды. Аудандық азаматтық және аумақтық қорғанысының бастығы болып табылады.
1. Төмендегілердің жұмысына тікелей басшылық етеді: 1) Аудан әкімінің бірінші орынбасарына; 2) Аудан әкімінің орынбасарларына; 3) Аудан әкімінің аппарат басшысына; 4) Селолық округ әкімдеріне;
2. Қызметін үйлестіреді: 1) Аудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған ведомствоаралық комиссияның; 2) Аудандағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның;
3. Төмендегілермен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады: 1) Аудандық мәслихатпен; 2) Аудандық сотпен; 3) Аудандық прокуратурамен;
Балқаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары – Ақылбеков Қанат Ақылбекұлы Фискальдық және қаржылық саясат (бюджеттің орындалуы, соның ішінде мемлекеттік сатып алулар бойынша), өнеркәсіп, кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту, импорт алмастыру, статистика, әділет, баға саясаты және баға тұрақтылығы, қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, салық, қазынашылық, туризм, зейнетақы төлеу, сауда мәселелері, құқық қорғау, тәртіптік кеңес, ауылшаруашылық және ветеринариялық, жер және су қатынастары, табиғи ресурстарды пайдалану және табиғатты пайдалануды реттеу халыққа қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік құқын тіркеу мәселелері, электр жүйесі, аумақтық ауылшаруашылық инспекциясы, балық аулау шаруашылығы, су жүйесі және несие серіктестіктерін басқару мәселелеріне басшылық етеді. Аудан әкімі болмаған кезде оны алмастырады және қолын қою құқы беріледі.
1. Төмендегілерге тікелей басшылық етеді: 1) Аудандық бюджеттік комиссияға; 2) Ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі; 3) Жер қатынастары бөліміне; 4) Экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкекрлік бөліміне; 5) Қаржы бөліміне; 6) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне;
2. Төмендегілердің қызметін үйлестіреді және бағыттайды: 1) Аумақтық ауылшаруашылық басқармасының; 2) Халыққа қызмет көрсету орталығының; 3) «ҚР әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» мемлекеттік кәсіпорны Балқаш аудандық филиалы (БТИ); 4) Су жүйесі саласы ирригация жұмысы; 5) Барлық меншік түріндегі қайта өңдеу кәсіпорындары, ауылшаруашылық субъектілері; 6) Статистика бөлімінің; 7) Салық басқармасының; 8) Қазынашылық бөлімінің; 9) Зейнетақы төлеу орталығының; 10) Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелер, кәсіби мерекелерді өткізу мен ұйымдастыру
3. Төмендегілермен өзара іс-қимыл жасайды және байланыс жүргізеді: 1) Әділет басқармасы; 2) Ішкі істер бөлімі; 3) Тәртіптік комиссия; 4) «Мал шаруашылығы және ветеренария жөніндегі ғылыми-өндірістік орталық» РМК; 5) «Егін шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы жөніндегі ғылыми-өндірістік орталық» РМК; 6) Балық аулау мекемелерімен; 7) Несие серіктестіктерімен; 8) «КазАгроМаркетинг» АҚ аудандық филиалымен; 9) «Алматы» АҚ облыстық асыл тұқымдандыру бірлестігі; 10) Жерді пайдалануға беру комиссиясы (шаруашылық субъектілері); 11) Электроэнергетика және энергия үнемдеуді дамыту жұмысшы тобы; 12) Баға саясаты және баға тұрақтылығын реттеу мәселелері; 13) Қаржы, несие, дәрменсіз борышкерлермен жұмыс; 14) Сауда мекемелерімен; 15) Облыстық қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу басқармасы;
Аудан әкімінің орынбасары – Смағұлов Сайран Сейткемелұлы Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, ақпарат, білім, дене шынықтыру және спорт, балалар құқығын қорғау, обаға қарсы күрес, денсаулық сақтау саласына басшылық етеді
1. Төмендегілерге тікелей басшылық етеді: 1) Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне; 2) Аудандық кітапхананың, мұражайдың, мәдениет үйлерінің әлеуметтік-ақпараттық талдау орталығын құрады; 3) Тіл саясаты; 4) «Балқаш өңірі» газеті редакциясына; 5) Білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне; 6) Денсаулық қорғау жүйесіне;
2. Төмендегілердің қызметін үйлестіреді және бағыттайды: 1) Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес, діни экстремизмнің алдын алу; 2) Ономастикалық комиссиясының; 3) Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия; 4) ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі комиссия; 5) Тіл туралы заңнамалардың орындалуын бақылау жөніндегі комиссия; 6) Оралмандар кеңесі; 7) Жастар ісі жөніндегі кеңес; 8) Азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жөніндегі кеңес, Үкіметтік Емес Ұйымдар; 9) Мүгедектермен жұмыс жөніндегі үйлестіру кеңесі; 10) Көші қон аудандық бөлімшесімен көші-қон және демография мәселелеріне жетекшілік етеді; 11) БАҚ байланыс; 12) Саяси партиялармен байланыс; 13) Кәсіподақтармен байланыс; 14) Денсаулық сақтау мекемелерінің; 15) Обаға қарсы күрес бөлімшесінің; 16) Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының; 17) Кәмелетке толмағандар құқын қорғау жөніндегі комиссиясының; 18) Жастарды қарулы күштер қатарына шақыру жөніндегі комиссия; 19) Нашақорлыққа, есірткі бизнесіне қарсы күрес және шылым шегудің алдын алу мен шектеу жөніндегі комиссия; 20) Халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі; 21) Қазақстан Республикасынң ұлттық және мемлекеттік мерекелер, кәсіби мерекелерді өткізу мен ұйымдастыру;
3. Төмендегілермен өзара іс-қимыл жасайды және байланыс жүргізеді: 1) Туризммен; 2) Меншіктің барлық түріндегі фармацевтикалық мекемелер;
Аудан әкімінің орынбасары – Рахымбаев Бақытбек Рахымбайұлы Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, орман-аң шаруашылығы, ауыз су және тоспа су, сәулет және қала құрылысы, телекоммуникация, почта жүйесі, төтенше жағдайлар, құрылыс, әскери қорғаныс, автокөлік жолдары, қоғамдық көлік.
1. Төмендегілерге тікелей басшылық етеді: 1) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне; 2) Тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне; 3) Жұмылдыру дайындығы азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыруға; 4) Баспасөзге жазылуға;
2. Төмендегілердің қызметін үйлестіреді және бағыттайды: 1) Ауыз су және тоспа су саласын; 2) Қоғамдық көлік кәсіпорындарының; 3) Төтенше жағдай жөніндегі комиссиясының; 4) Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмысын; 5) Әскери қорғаныс бөлімінің; 6) Автокөлік жолдарының; 7) Жолаушылар тасымалдау; 8) Күрті және Бақанас орман-аң шаруашылықтарының; 9) Экологиялық және биоресурстар мәселелерін; 10) Ботаникалық бақтың; 11) Телекоммуникация бөлімінің; 12) Аудандық пошта торабының; 13) Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері, кәсіби мерекелерді өткізу мен ұйымдастыру.
3.Төмендегілермен өзара іс-қимыл жасайды және байланыс жүргізеді: 1) Құрылыс жобалау ұйымдарымен; 2) Отын ресурстарымен қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізуші субъектілермен;
Аудан әкімінің аппарат басшысы – Тлеубаев Бақыт Тлеубайұлы Жергілікті мемлекеттік атқару органдарының әкімшілік реформаларын іске асыру, кадр саясаты, электронды үкіметтік басқаруды енгізу мәселелері. Аудан әкімі аппаратының жұмысына, оның ішінде қаржы жұмыстарының да ұйымдастыру мәселелеріне басшылық етеді. Аудандық басқармалардың, бөлімдердің, аппарат бөлімдерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін және аудан басшылығы тапсырмаларын сапалы орындауды бақылауға қатысты қызметті үйлестіреді. Аудан әкімінің облыс әкімімен, аудандық мәслихатпен, селолық округ әкімдерімен, аудандық бөлімдер мен басқармалар басшыларымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
1. Төмендегілерге тікелей басшылық етеді: 1) Аудан әкімінің аппаратына; 2) Ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадр жұмысы жөніндегі бөліміне; 3) Жалпы бөліміне; 4) Селолық округ әкімінің аппараттарына; 5) Аудандық мұрағатқа; 6) Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері, кәсіби мерекелерді өткізу мен ұйымдастыру.
2. Төмендегілердің қызметін үйлестіреді және бағыттайды: 1) Қазақстан Республикасы Президентін, Парламентін, мәслихаттар депутаттарының сайлауының өңірлік ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету мәселелері; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы облыстық басқармасының Балқаш ауданына қатысты мәселелерін; 3) Аудандық бөлімдердің өзара іс-әрекеттік байланысын қамтамасыз ету, аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентін сақтау, аудан әкімдігі мәжілістеріне және аудан әкімі өткізетін басқа да шараларға материалдар дайындауды; 4) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің. Премьер-Министрі кеңесінің, Парламентінің, басқа республикалық органдардың, Алматы облысы әкімі аппаратының құжаттарының уақытында орындалуына және азаматтардың өтініштерінің уақытылы қаралуына бақылауды жүзеге асырады;
Аудан басшыларының бірін-бірі алмастыру реті төмендегідей белгіленеді: Қ.А.Ақылбеков С.С.Смағұлов С.С.Смағұлов Б.Р.Рахымбаев Аппарат басшысы Б.Тлеубаев |
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |





