Балқаш ауданы әкімінің Бірінші орынбасары
Ақылбеков Қанат Ақылбекұлы – 1960 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы энергетикалық институтын 1982 жылы аяқтап, инженер-электрик мамандығын алған, Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2010 жылдың қараша айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары. 2005 жылы «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.     
 
 
Балқаш ауданы әкімінің орынбасары
Смағұлов Сайран Сейткемелұлы – 1958 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1981 жылы Қазақ политехникалық институтын аяқтап, инженер-металлург, 2007 жылы Қазақ құрылыс және бағалау академиясын бітіріп, сарапшы-бағалаушы мамандықтарын алған. Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2010 жылдың мамыр айынан Балқаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2005 жылы «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған.   
 
 
Балқаш ауданы әкімінің орынбасары
Рахымбаев Бақытбек Рахымбайұлы – 1955 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Қарабек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1977 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын аяқтап, инженер-механик мамандығын алған. 1989-1991 жылдары Ташкент жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2003 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.                               
 
 
Балқаш ауданы әкімінің аппарат басшысы
Тлеубаев Бақыт – 1958 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1985 жылы Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтын аяқтап, тарих пәнінің мұғалімі мамандығын алған. 2010 жылдың мамыр айынан Балқаш ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарады. 2000 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төс белгісімен марапатталған.                                                                                         
 
 
Балқаш ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бастығы
Инкербаев Нұрболат Момбекұлы.1976 жылы Алматы облысы, Талгар ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1998 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын аяқтап, ветеринар-дәрігер мамандығын алған. Еңбек жолы Алматы облысы, Балқаш ауданында өтуде. 2011 жылдың желтоқсан айынан Балқаш ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлім бастығы қызметін атқарады.                                                                                                                                      
 
 
Балқаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадрмен жұмыс бөлімінің бастығы

Қамзаев Әсембек Күмісбекұлы – 1983 жылы  Алматы облысы Күрті ауданы Желтораңғы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін аяқтап, заңгер мамандығын алған. Еңбек жолы Балқаш ауданында өтуде. 2010 жылдың мамыр айынан Балқаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадрмен жұмыс бөлімінің бастығы қызметін атқарады.