|
Денсаулық Балқаш ауданының орталық аудандық ауруханасы.
Бас дәрігері Мұратбаев Ринат Алмасұлы Аудан тұрғындарына 1 орталық аудандық, 5 селолық аурухана, 2 дәрігерлік амбулатория, 21 медициналық пункттер тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.
ауылдық ауруханасына 1 дәрігер қарой ауылдық ауруханаға жұмысқа Ауданның ауруханаларында 175 төсек орын бар, жыл бойы 6742 адам ауруханаларды емделеді, 213245 рет аурулар дәрігерлерге амбулаториялық жағдайда емделген, 24559 адамға медициналық жәрдем үйден көрсетілді, Ауруханаларда жатып емделетін науқастар толық дәрі дәрмекпен,тамақпен қамтылған. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес аудандық орталық, 5 селолық ауруханалар акредитациялаудан өтті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 тамыздағы № 1174 санды Қаулысына сәйкес елімізде бірыңғай денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесі енгізілетіні белгілі. Осыған орай ауданның емдеу мекемелерінде ұйымдастыру іс шаралары іске асырылды. 2008-2011 жылдары аралығында Құйған ауылдық ауруханасының жанынан дәрігерлік амбулатория салынды. Ғимаратты салуға облыстық бюджеттен 72 млн тенге қаржы қаралып, оның 13 млн тенгесіне медициналық технологиялық құрал жабдықтар алынған. Бақанас ауылында аудан аралық 40 төсектік туберкулез ауруханасы салынды. Аурухананы салуға облыстық бюджеттен 882 млн тенге бөлінген, оның ішінде 136 млн 993 тенгеге технологиялық жабдықтар, рентген диагностикалық аппараттар алынған. 2005 жылы телемедицина отралығы ашылып, тұрғындарға мамандандырылған көмек көрсетуде. Осы жылдар ішінде 520 рет ауруға сеанс жасалынып, 670 науқастардың диагноздары анықталды. Осы жылы қосымша балалар сүт кухнясы ашылып, жағдайлары төмен отбасылы семьядағы 1 жасқа дейінгі 20 балаға күнделікті сүт тағамы берілуде. Сонымен қатар, Алматы облысының әкімінің шешімімен, ауданның 6 орта мектептерінде стоматология кабинеттері іске қосылған. Орталық аудандық аурухана бойынша 2011 жылы 15 төсектік жұқпалы аурулар бөлімі ашылуға жоспарлануда. Кейінгі жылдары емдеу мекемелері медициналық құрал жабдықтармен аппараттармен, жұмсақ және қатты мүліктермен қамтамасыз етілуі жылдан жылға жақсаруда. Бүгінгі күні селолық ауруханалар, дәрігерлік амбулатория ЭКГ аппараттарымен залалсыздандырғыш қондырғыларымен физиотерапия аппараттарымен, клиникалық диагностикалық зертхана кажетті құралдарымен жабдықталды. Сондай-ақ аурухана зертханалық анализаторлармен, УЗИ - аппараттарымен, компьютерлік ЭКГ - аппаратымен, өңеш, асқазан, ішек органдарын тексеретін гастрофиброскоп аппараттарымен, наркоздың аппараттарымен тағыда басқа қажетті аспаптармен қамтамасыз етілген. Тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсететін 3 фельдшерлік бригада тәулік бойы жұмыс жасайды, барлық автокөліктерге рациялар орнатылған. 2009 жылдан жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлердің бригадасы қосымша жұмыс жасай бастады. Осы мерзім ішінде жедел медициналық көмек бригадалары 4838 рет медициналық көмек көрсеткен. Ауданда стационар алмастыру әдісі енгізіліп, барлық 6 ауруханалармен 2 дәрігерлік амбулатория жанынан күндізгі жатып емделетін бөлімдер ұйымдастырылған, ол бөлімдерде 45 төсек орын бөлінген, осы бөлімдерде 515 ауру емделіп шықты. Мемлекетімізде анамен баланың денсаулығын нығайтуға зор көніл бөлініп отырғаны белгілі. Ауданда 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар тұрақты дәрігерлік бақылауда болып, олардың денсаулығын бақылайтын арнайы дәрігерлерімен орта бүын медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Жүкті әйелдерді ерте анықтап, оларды есепке алып, дәрігерлік бақылауда болуы ұйымдастырылған. Балалар мен жүкті әйелдердің денсаулығын тұрақты бақылауда болуын қамтамасыз ету үшін әр жетінің жұма күні барлық елді мекендерден 1 жасқа дейінгі балалар және жүкті әйелдер тұралы мониторинг жұргізіліп, аудандық ауруханаға хабарланады. Әйелдерге, оның ішінде жүкті әйелдерді ерте есепке алып, бақылау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Аудан бойынша жүкті әйелдердің күнделікті денсаулығы тұралы мәлеметтер аудандық орталық ауруханаға жиналып, олардың аудандық, облыстық ауруханаларға емделуіне мүмкіндік жасалуда.
Ауданда 0 – 18 жастағы балаларды профилактикалық тексеру жұмысы жылдағыдай жүргізілуде.2011жылдың 10 айда 10220 бала тексеруден өткізілді, ол жалпы жоспарланған балалардың 95,8%. Оның ішінде 128 бала диспансерлік есепке алынды. 1 жасқа дейінгі және 1 – 5 жастағы балаларға, диспансерлік есептегі балаларға, жасөспірімдердің жекелеген аурулары бойынша амбулаториялық жағдайда тегін дәрі – дәрімекпен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Аудандық орталық аурухананың дәрігерлері арнайы кесте бойынша селолоық ауруханаларда, дәрігерлік амбулаториялармен медициналық пунктерде болып, жергілікті тұрғындарға мамандықтары боынша дәрігерлік көмек көрсетіп, профилактикалық шаралар жүргізеді. 201 жылдың 10 айында аудандық аурухананың дәрігерлері 432 адамға мамандырылған медициналық көмек көрсеткен. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың ішінде туберкулез ауруының алатын орын ерекше. Ауданда туберкулезбен аурушылдық көрсеткіші жоғары деңгейде болуына байланысты біршама ұйымдастыру, сауықтыру, санитарлық-эпидемиологиялық шаралар іске асырылуда. Туберкулез ауруына шалдыққандарды ерте анықтау оларды емдеумен қамту емдеу мекемелерінің басты міндеттері болып есептелінеді. Осы мақсатта стационарлық және жылжымалы флюорографиялық қондырғылар жұмыс жасайды. Флюорографиялық тексерумен қатар балалары Манту сынамасын қою арқылы тексеру ұйымдастырылған. Ауданда туберкулез ауруының алдын алуға байланысты қосымша шаралар жасалып, іске асырылуда. Ауруларды ерте анықтау үшін, тексерумен ерте әсіресе «қатерлі» топқа жататындарды: жұмыссыздарды, алкоголизіммен есепте тұратындарды, малшыларды, басқада топтағыларды тексерумен қамту жұмысы жүргізілуде. 2011жылдың 10 айында туберкулезге шалдықан 21 ауру тіркелген, ауру көрсеткіші 70,0, оның ішінде 1-і 14 жасқа дейінгі бала ауру көрсеткіші 12,1, 1-і жасөспірім, ауру көрсеткіші 64,1 олар Жергілікті жерде село әкімдерінің басшылығымен әлеуметтік көмектер көрсетілуде, осы 10 айдың ішінде 38 науқасқа 492823 мың тенге көлемінде көмек көрсетілген. Өткен жылдары ауданда балалармен жасөспірімдер арасында, туберкулезге шалдыққандардың жиі тіркелуіне байланысты осы ауруға «қатерлі» топқа жататын балаларды сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Манту сынамасымен жоспар бойынша 4807 бала қамтылған, яғни 104% Аудан орталығында «Жас-ұлан» бала бақшасынан 15 орындық санаториялық топ ашылған. Онда туберкулез ошақтарында қатынаста болған, «вираж», «гиперергия» белгілерімен есепте тұратын балалар сауықтырылуда. Аудан мектептерінде осы топқа жататын балаларға ыстық тамақ ұймдастырылған. «Шымбұлақ» санаториясына 16 бала жіберіліп, санаториялық мектеп интернатқа 5 бала орналастырылды. Ауданда басқада әлеуметтік маңызы бар жұқпалы вирустық гепатит - 7 ауру, бруцеллез жұқпасы– 2 жағдай тіркелген. |
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |
.jpg)
.jpg)
.jpg)





