|
Ауылшаруашылығы Алматы облысы «Балқаш аудандық ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі
1.1. «Балқаш аудандық ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік басқаратын құзыры мөлшерінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мақсатта ауыл шаруашылығы көлемінде жүргізетін органы болып табылады. 1.2. Мемлекеттік тілдегі толық аталуы «Балқаш аудандық ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі; Орыс тілінде толық аталуы Государственное учреждение «Отдел сельского хозяйства и ветеринарии Балхашского района». 1.3. «Бөлімнің құрылтайшысы Алматы облысы Балқаш ауданының Әкімі болып табылады. «Бөлімнің» мемлекеттік басқару органы «Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады. 1.4. Бөлімнің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 75 үй, тел. 8/72773/91505, 8/72773/91605, 8/7277395182
Бөлім бастығы: Қантбеков Мейрамбек Рыспекұлы 1960 жылы Көкжиде ауылында дүниеге келген. Мамандығы: Инженер Бөлім бастығының орынбасары: Дәрібаев Бауыржан Темірғалиұлы 1977 жылы Қарой ауылында дүниеге келген Мамандығы: Мал дәрігері Сектор меңгерушісі: Абишов Айқынбай Сембайұлы 1958 жылы Балатопар ауылында дүниеге келген Мамандығы: Мал дәрігері Сектор меңгерушісі: Төлеубек Дархан 1978 жылы Бақанас ауылында дүниеге келген Мамандығы: Агроном Бас маман: Текебаев Тлеуғұл 1949 жылы Көктал ауылында дүниеге келген Мамандығы: Зоотехник Бас маман: Молдашбаев Ұлан Молдашбайұлы 1972 жылы Бақанас ауылында дүниеге келген Мамандығы: Экономист Жетекші маман: Нарбаев Нұрбол Ақылбекұлы 1984 жылы Ақдала ауылында дүниеге келген Мамандығы: Инженер
1.1. Бөлімнің негізгі міндеттері төмендегілер болып табылады: - Халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті-шиказатпен, аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндіктерін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған ауыл шаруашылығы саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу; - Халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау; - Жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу; - Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; - Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден (аумақтардан) жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау; - Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.
2.1. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау үшін Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады: - Ауылшаруашылығы салаларын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады; - Агроөнеркәсіптің кешенді реформаларын тереңдетуді жетілдіру, шаруашылық жүргізудің әртүрлі нысанын дамытуға қатысу; - Нарық жағдайында ауыл шаруашылығы өндірістері субъектілерінің қызмет істеуінің экономикалық тетіктерін жетілдіру жөніндегі жоғары тұрған органдар жасаған ұсыныстарын жүзеге асыру; - Ауданның ішкі сұраныстарын және оны одан ары тысқары өткеруді қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өндеуді жолға қоюды ынталандыру жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру; - Аграрлық секторды басқарудың жаңа жүйесін енгізу; - Маркетингтік ұсыныстарды әзірлеу (ауыл шаруашылық өнімдерін сату мен өндіру); - Ауданның ауыл шаруашылығында баға саясатын сақтауға көмек көрсету; - Дәрменсіз шаруашылық субъектілерін жою немесе қаржылық экономикасын сауықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаларды орындауға қатысу; - Шаруашылық жүргізуші субъектілерге, фермерліктер мен шаруа қожалықтарына техникалық сервистік қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған бағдарламаларға қатысу; - Мал шаруашылығы саласында тұқымды асылдандыру жұмыстарының перспективалық жоспарларын жүзеге асыруға қатысу; - Меншіктің барлық нысанындағы шаруашылықтарда сүт пен ет өндірудің озық технологиясын енгізу жөніндегі шараларға қатысу; - Барлық ауылшаруашылығы жұмыстарының барысына бақылау жасау; - Меншіктің барлық нысанындағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарында аурулар мен зиянкестерге қарсы ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын улы химикаттармен өндеу жөніндегі жұмыстарына қатысуды қамтамасыз ету; - Уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарларын бекітеді; - Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды қолдануды, сақтауды ұйымдастырады; - Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді және уәкілетті органға береді; - Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы және диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, оларды қолдануды, сақтауды ұйымдастырып жүзеге асыру; - Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға табыс етеді; - Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады; - Халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді; - Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өндеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады; - Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделейді; - Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді; - Елді мекен жерлерінде жануарларды жоюға арналған орындарды анықтайды; - Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады; - Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді; - Жануарға ветеринариялық паспорт береді; - Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы береді; - Жергілікті сайланған өкілдерге бекітуге, жергілікті елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді; - Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді. |
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |






