|
Білім
Бөлім бастығы – Нүрпеисова Назым Омарханқызы
Білім мәселелері жөніндегі азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз етеді, аймақтық, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып, мектеп жасына дейінгі, мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту, жалпы орта білім беру мәселелері бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, ауданда білім жүйесінің мемлекеттік тұрғыда қызмет етуін қамтамасыз етеді, қоғам талабының өзгерісіне сай жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес оның дамуын әлеуметтік тұрғыда қорғайды, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар мен оқушы жастарды, білім саласы қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.
Аудан бойынша дене тәрбиені және спортты дамыту мәселелері бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, ауданда дене тәрбиесі мен спортты дамыту жүйесінің мемлекеттік тұрғыда қызмет етуін қамтамасыз етеді, аудандық білім бөлімімен, кенттік, ауылдық округтерімен бірлесіп, белгіленген әкімшілік-аймақтық бірлікте спортпен шұғылдану жұмыстарын ұйымдастырады, балалар мен жастардың, ересектердің спортпен шұғылдануына ықпал етеді, салауатты өмір салтын ұстануға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Мекен-жайы: Балқаш ауданы, Д.Қонаев атындағы көшесі, 72 E mail- balhashroo2011@mail.ru ![]() Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011 жылында «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында аудан білім мекемелеріне жаңа технология мен инновацияны кеңінен енгізу, жалпыға бірдей міндетті білім беру Заңының орындалуын қадағалау, оқу-тәрбие үрдісін басқару мен бақылау» өзекті мәселесі бойынша жұмыстар атқаруда. 2010 – 2011 оқу жылының аяғында ауданның білім мекемелерінде 5598 оқушыдан құрылған 20 орта мектеп, 1 мектеп - интернат, 5 шағын жинақталған бастауыш мектеп жұмыс жасауда. 1- 4 сыныпта -2196, 5- 9 сыныпта – 2486, 10-11 сыныпта 916 оқушы оқыды. Білім сапасы 45,7 пайыз, 1259 үздік, 1301 екпінді оқушы оқу жылын аяқтады. 20 мектептің 19 мектебінде асхана және 1 мектепте буфет (Көкжиде орта мектебінде) жұмыс жасады. 4342 оқушы ыстық тамақпен, оның ішінде 491 оқушы тегін ыстық тамақпен, 4332 оқушы қоғамдық тамақпен, оның ішінде 105 оқушы тегін қоғамдық тамақпен қамтылған. Аудан бойынша 11 сынып бітірушілердің саны – 448. 2011 жылғы ҰБТ-ке 417 оқушы қатысуға өтініш берді. ҰБТ-ке қатысатын 417-і оқушының 416-ы қатысты - 1 оқушы Б.Бейсекбаев атындағы орта мектебінің 11 «в» сынып оқушысы Амангелдиева Айғаным Асқарқызы халықаралық ғылыми олимпиаданың 2 орын иегері болғандықтан, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 27.05.2011 жылы №217 бұйрығы негізінде ҰБТ-тен босатылған. Ұлттық бірыңғай тестке қатысқан 416 оқушының 380-і қазақ сыныбынан, 36-ы орыс сыныбынан қатысты. Аудан бойынша түлектердің ҰБТ-ке қатысу пайызы - 92,9. «Алтын белгі» белгісіне үміткер ретінде 19 оқушы ұсынылды, оның ішінде 15-і «Алтын белгі» белгісін дәлелдеді, үздік аттестатқа 11 оқушы ұсынылған, оның 2-і өз білімдерін дәлелдеді. «Алтын белгі» белгісіне 1 балдан жетпеген Д.Қонаев атындағы орта мектебінің оқушысы Азамат Алдаберген Ахметұлы, №2 Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушысы Оспанов Жарас Алпысұлы үздік аттестат иегері болады.Ауданның жалпы балы 86,3, қазақ сыныбының орташа балы – 86,2, орыс сыныбы – 87 балл көрсеткіш көрсетті, былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 5 балға көтерілген. Былтырғы 2010 жылмен салыстырсақ:
Биылғы жылы 11 мұғалім жоғары санатқа бекітуге өтініш білдіріп, оның 7-уі ( 63 %) , 11 мұғалім жоғары санатты қайта бекітуге ( өздерінде бар санаттарын қайта растауға) өтініш білдіріп, оның 10-ы (90 %) өтті. І санатты бекітуге 33 мұғалім, І санатты қайта бекітуге – 22 мұғалім өтініштерін беріп, барлығы 100 пайыз аттестатталынды. 62 мұғалім ІІ санатты категориясын алды. 2011-2012 оқу жылында жоғары санатты бекітуге – 25, растауға – 6 мұғалім, І санатты бекітуге – 47, қайта бекітуге – 23, ІІ санатты бекітуге – 63, қайта растауға – 10 мұғалім өтініш білдірді, өтініштері қабылданып, мәліметтері облыстық білім басқармасына жіберілді. 2011 жылы І жарты жылдығында 3 Бөлімнің кеңесі, 8 аппарат кеңесі өткізіліп, шешімдер шығарылды. Жылдық жұмыс жоспарында жоспарланған жұмыстар уақытында жасалынды, аудан мектептеріндегі оқу-тәрбие, әдістемелік жұмыстар мен педагог мамандармен жүргізілетін жұмыстарға бөлім қызметкерлері тарапынан бақылау, қадағалау жұмыстары жүргізілді.
1 орынға ие болған – 39 оқушы 2 орынға ие болған – 63 оқушы 3 орынға ие болған – 99 оқушы
1 оқушы Б.Бейсекбаев атындағы орта мектебінің 11 «в» сынып оқушысы Амангелдиева Айғаным Асқарқызы халықаралық ғылыми олимпиаданың 2 орын иегері
|
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |

2010 – 2011 оқу жылының аяғында ауданның білім мекемелерінде 5598 оқушыдан құрылған 20 орта мектеп, 1 мектеп - интернат, 5 шағын жинақталған бастауыш мектеп жұмыс жасауда. 1- 4 сыныпта -2196, 5- 9 сыныпта – 2486, 10-11 сыныпта 916 оқушы оқыды. Білім сапасы 45,7 пайыз, 1259 үздік, 1301 екпінді оқушы оқу жылын аяқтады. 20 мектептің 19 мектебінде асхана және 1 мектепте буфет (Көкжиде орта мектебінде) жұмыс жасады. 4342 оқушы ыстық тамақпен, оның ішінде 491 оқушы тегін ыстық тамақпен, 4332 оқушы қоғамдық тамақпен, оның ішінде 105 оқушы тегін қоғамдық тамақпен қамтылған.
Қазіргі кездегі білім беру саласы жаңа арнаға, ерекше өзгерістерге бет бұрды. «Еліміздің ертеңі саналатын жеткіншек ұрпақты» заман талабына уақыт ағымына сай етіп тәрбиелеп, білім беру бағытын инновациялық жүйеге сай білім беру, ұстаздар қауымына үлкен міндеттер жүктейді. 
Аудан мектептерінде білім алып жатқан жас ұрпақты «Хантәңірінің қыраны» атанған ақиық ақын М.Мақатаев, «қазақ поэзиясының пайғамбары» атанған Абай мен Шәкәрім, «поэзияның Құлагері атанған» Ілияс шығармаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, поэзия әлеміне құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету және жас ақындардың бойларындағы табиғи дарынын дамыту мақсатында М.Мақатаев мүшәйрасы, Абай мен Шәкәрім, І.Жансүгіров оқулары өткізілді.
14 – 15 аралығында Бақанас орта мектебінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға ауданның барлық мектептерінен 301 оқушы қатысты. Олимпиада 14 пән бойынша жүргізілді. Нәтижесі төмендегідей: 
1 орын алған 39 оқушының жұмысы облыстық білім басқармасына өткізілді. Осы жұмыстардың ішінен 17 оқушының жұмысы облыстық іріктеу кезеңінен өтіп, екінші кезеңге қатысуға жолдама алды. Облыстық кезеңге қатысқан 17 оқушының 3 – 2 орын, 5 – 3 орын, 1 – 1 орынға ие болды. 1 орынға ие болған Ақкөл о.м. 11 сынып оқушысы Нұртай Мөлдір 2011 жылдың 15-21 сәуірі аралығында Қостанай қаласында өткен 1 оқушы Республикалық кезеңнен 2 орынға ие болды. 




