«Балқаш аудандық қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесі
Бөлім бастығы - Өмірбаев Алпысбай Жандосұлы
«Балқаш ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 12 бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен 39 мемлекеттік мекемелердің бюджетті орындау және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Аудан бюджетінің атқарылуы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде облыстық бюджетпен қатынастарды реттейді, аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджетті атқару жөнінде жұмысын үйлестіреді. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі бюджетті орындау және бюджеттік қаражатты игеру мониторингін жүргізеді. Алматы облысының қаржы басқармасына, жергілікті атқарушы органға белгіненген тәртіппен және белгіленген мерзімде есеп тапсыру үшін бюджеттің орындалуы бойынша есеп беру нысандарының барлық түрлерін қалыптастырады. Аудандық коммуналдық меншік нысандарын жалға беру, жалдау келісім шарттарының тиісті түрде орындалуын, коммуналдық меншік нысандарын кейіннен сатып алу құқығымен және құқығысыз сенімгерлік басқаруға беру жұмыстарын үйлестіреді, келісім шарттарының талаптарының толық орындалуын қадағалайды. Аудандық коммуналдық меншікті сату (жекешелендіру) бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.Негізгі құралдарды есептен шығаруға келісім береді. Аудан ішіндегі мемлекеттік мекемелер арасындағы ауыс-күйісті есепке алуды, аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының белгіленген бөлігінің бюджетке аударылуын қадағалайды. Тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу процесіне сондай-ақ, аудан бюджеті есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің сатып алуларының нәтижесіне талдау жүргізеді. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімінің және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес іске асырады. Қаржы бөлімінде штат кестесі бойынша 1 сектор меңгерушісі, 3 бас маман қызмет атқарады:
2011 жылғы аудан бюджетінің кірістер және шығыс жоспары 3085922,0 мың теңге болып құралды,оның ішінде: 71276,0 мың теңге – меншікті кірістер; 2 938 813,0 мың теңге – республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер, оның ішінде: 2 051 991,0 мың теңге – субвенция; 550 454,0 мың теңге – нысаналы трансферттер; 26 204,0 мың теңге – тұрғын үйлерге арналған несиелер. 22 735,0 мың теңге - бос қалдықтан бағытталған қаражат. Жалпы аудан бюджетінің кіріс бөлігіне 2011 жылдың 1 қазанына 2 374 796.0 мың теңге түсу жоспарланса, нақты түскені 2 381 336.5 мың теңге немесе 100,3% орындалды. |
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |
.jpg)
.jpg)





