«Балқаш аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

 

Бөлім бастығы:                              Нарбаев Галым Рахимович

 

                                                        

 

Бөлімнің мекен-жайы:                  Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Д.Қонаев көшесі № 66 үй

 

 

Бөлімнің негізгі міндеті:                 Жер ресурстарын басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу және жер қатынастарын реттеу болып табылады

 

 

Бөлім бастығының негізгі

міндеттері:                                       Мемлекеттік органдарда жер қатынастары және ауылшаруашылық саласындағы іс-әрекетін үйлестіруді жан-жақты қамтамасыз етеді; жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастырып және жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту; ауданның жерлерін ұйымдық пайдалану жөніндегі бағдарламалардың (жобалардың, сызбалардың) және жерлерді аймақтандырудың жобаларын жасауды ұйымдастыру.

 

 

Бөлім қызметкерлері:                    бас маман Сейтқұл Мәди Сейтқұлұлы,
жетекші маман Шайбаев Даулет Абилкадирович, инспекторлар: Тулегенова Айгул, Абдрахманов Алмаз.

 

 

 

 

Балқаш ауданы жер қатынастары бөлімінің жұмысы жайында

М Ә Л І М Е Т

 

Қазақстан Республикасының «Жер Кодексі» 2003 жылғы 20                     маусымнан бастап іске асырылып, аудан аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы жұмыстар, басқа да табиғат қорғау іс шаралары кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер телімдерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру, жер теліміне құқықтық беретін, құқықтығын растайтын құжаттарды рәсімдеу, оны тоқтату және қолданыстағы заңдылықтардың бұзылуын жою туралы ұсыныстарды енгізу сияқты жұмыстар жүргізілуде.

Балқаш ауданының жер көлемі 3739061 га, оның ішінде Орман-аң шаруашылығының жері 1831944 га (Бақанас орман-аң шаруашылығының жері 1566727 га, Күрті орман-аң шаруашылығының жері 265317 га), Су қорының жері 4753 га, Селолық округтардың жерлері 44817 га.

Аудан бойынша қазіргі таңға 908 шаруа қожалығы 74 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 2 жабық түрдегі акционерлік қоғамы мен 4 мемлекеттік емес шаруашылықтар,5 өндірістік кооперативтер,2 қосалқы шаруашылығы тіркеліп тұр.

908 шаруа қожалығының 894 шаруа қожалығы мемлекеттік акті алған, бұл 98,5 пайызды құрайды.

Аудан бойынша дүкен, жанар-жағай май, өндірістік базарлар және т.б. объектілердің орналасқан телімін сатудан аудандық салық басқармасының 303101 ағым шотына биылғы жылға 10 жеке кәсіпкер мен 2 заңды тұлғаға 5.9 га жер телімі сатылып, одан 9 477 000 теңге түсіп отыр. Ауылшаруашылық мақсатында бір шаруа қожалығына 10 жыл мерзімге ұзартып сату арқылы берілген 1500 га жер телімінен 1 800 000 теңгенің қалған 7 560 000 теңгесі  303102 ағым шотына  толық аударылды, сонымен қатар 3 шаруа қожалығына 149  га жер телімі сатылып,барлығы аталған 303102 шотына  686 188 теңге түсіп отыр.

Жер телімін пайдалану жайлы: 2011 жылғы 29 наурызда аудан әкімінің №19 -Ө санды өкімімен пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және ауыл шаруашылық нысандағы жерлерді түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс тобы құрылған. Балқаш ауданы бойынша жұмыс тобы жерлерді пайдаланбаумен қатар,иесіз қалған жерлерді яғни иелері көшіп кетіп немесе қайтыс болуына байланысты ұзақуақыт пайдаланусыз жатқан жер телімдерін қайтарумен жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде 65 шаруа қожалығының 25277.2 га, оның ішінде 24965.2 га жайлымдық, 312 га егістік жер телімдерінің пайдаланбағандығы анықталды. Осылайша әрбір селолық округ әкімдерімен бірлесіп шаруашылық басшыларымен пайдаланбай жатқан жер телімдерін өз ерктерімен қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жылдары пайдаланылмайтын егістікке жарамды жерлердің көлемі жыл сайын азаюда. Былтырғы жылы Алматы облыстық өңіраралық жер инспекциясының аудан бойынша ауылшаруашылық мақсатында берілген жер телімдерін тексеру жұмыстарына сәйкес «Киз МТС», «Агрофирма «Бірлік»», «Еркін-А», «Байменей», «Есім Ата», «Өркен-Дала», «Бауыржан-7», «Альфа Ти» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне, «Еркін», «Береке», «Қиыр-Шығыс» шаруа қожалықтарына егістік жер телімдерін толығымен пайдаланбай және т.б. қолданыстағы заң бұзушылықтарға байланысты әкімшілік шаралар көріліп, заң бұзушылықты жою туралы ұйғарымдар берілген, осы жылы да бұл жұмыстар жалғасты. Ескерту берілген шаруашылықтар ішінен «Өркен Дала» ЖШС-і және «Қиыр-Шығыс» шаруа қожалықтары жер телімдерін осы жылы пайдаланбай алдырса жер телімдерін қайтару туралы жұмыстары жүргізілуде.Ендігі кезекте жер инспекциясы мекемесімен бірге аудан бойынша тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілген жер телімдерін алып пайдаланусыз қалдырған жер телімдері бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлаудамыз.

Жер беру туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы №1140 қаулысымен бекітілген ережесіне және Қ.Р. Жер Кодексінің 48 бабына 2007 жылғы болған өзгерістерге сай жер телімдері берілмеген жер учаскелері шаруа қожалығын, тауарлы ауылшаруашылығын жүргізу үшін сауда-саттық (конкурс немесе аукцион) арқылы беріліп келеді. Осының нәтижесінде 2010 жылы мамыр айында 9 жер телімі конкурсқа қойылып, 4 шаруа қожалығы мен 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1044 га жер телімдері берілді. Желтоқсан айында 24 жер телімі конкурсқа қойылып, 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 9 шаруа қожалығы және 1 жеке кәсіпкерге 13950,15 га жер телімдері берілді. 2011 жылы желтоқсан айына  жоспарлануда.

Азаматтармен жүргізілген жұмыстар жайлы: Азаматтардың өтініштері мен шағымдары бойынша үнемі жұмыстар жүргізілуде. Мысалы: «Балқаш аудандық жер қатныснастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жыл басынан заңды тұлғалардан жер телімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жер телімінің бар жоғы туралы және пайдалану нысанын өзгерту жайлы барлығы 55 өтініш түсіп барлығы қанағаттандырылды. Былтырғы жылы 177 өтініш түскен, барлығына толық жауаптары қайтарылып, түсіндірме хаттары жолданып қанағаттандырылды.

Иелігінде жер телімі бар немесе жоқ жөнінде және жер телімінің мекен жайын анықтау туралы азаматтардан өтініштерді бұрындары аудандық жер қатынастары бөліміне өтініш жазу арқылы берілсе, қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталығына қабылдауға берілген, қазіргі таңда қайта жер қатынастары бөлімінің қарауына беріліп, ол туралы жұмыстар жалғасуда.