Балқаш ауданындағы
діни ахуал жайлы
Балқаш ауданы әкімдігінің жанындағы діни
бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесі аудан көлеміндегі Қазақстан
Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңның
орындалу жөнінде, аудан азаматтарының діни сенім бостандығын
қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда біршама жұмыстарды жүзеге асырып отыр.
«Діни сенім мен діни бірлестіктер» туралы
Заңынын орындалуы біздің аудандағы
30 125 тұрғынның 28 мыңнан астамы немесе 96 % ислам дінін ұстанады.
Ауданда діни бірлестіктердің қатысуымен
біршама шаралар өткізілді. Басым үлес мұсылмен қауымына тән болды. Бұрынғы
жылдарға қарағанда намаз оқып, ораза ұстап, ауыз бекітушілер саны арта түсті,
әсіресе мұсылмандықтың осы парызын атқарушылар арасында жастар мен мемлекеттік
мекемелер қызметкерлерінің көбейе түскені, аудан тұрғындары арасында ислам
дінінің ықпалынан артып келе жатқанын байқатады.
Бүгінгі таңда аудан бойынша 13 мешіт, 1 інжілдік
шіркеу, мемлекеттік есепке тіркелген.
Қаңтар айында аудандық діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің арнайы
жиыны өтті. Аудандық әкімдік жанындағы кеңес мүшелерінің
құрамы 2011 жыл қаңтар
айында қайтадан жасақталып, жұмыс жоспары бекітіліп, кеңестің жұмысы
жүйелендіріп, біріздендіру кеңес мүшелеріне жауапталынды. Атқарылған
жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңестің отырысы өтіп, жұмыс жоспары жете
талқыланып, уақытында орындау барысында тиісті қызметкерлерге арнайы міндеттер
тапсырылды.
Ақпан айында аудан орталығы Бақанас ауылында «Дінім - ділім»-атты тақырыбында
дөңгелек үстел өтті. Аталған жиынға аудандық кеңес мүшелері, аудан әкімдігі
аппаратының бөлім басшылары, ауылдық
округ әкімдері, ауданның құқық қорғау саласының қызметкерлері мен
ауыл имамдары, , аудандық мекемелер мен ұйымдар басшылары, қоғамдық және
үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ауыл жастары, кәсіпкерлер қатысты.
Дөңгелек үстелде дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер
жайында, терроризм мен діни экстремизм көріністерін болдырмау, оның алдын-алу
жөнінде баяндамалар тыңдалынып, бейне материалдар көрсетілді. Сондай-ақ аудандағы діни бірлестіктердің мемлекеттік
тіркелу жайына талдау жасалынды, дінге қатысты көптеген мәселелер айтылды.
Наурыз айында аудан орталығы Бақанас ауылында «Мәуліт мерекесі» өткізіліп,
қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Тұрмысы төмен және мүгедек 100-ге жуық
отбасыларға азық-түлік және киім-кешектер таратылып берілді.
Сәуір айында аудан орталығы Бақанас ауылында «Қ.Р-дағы
дәстүрлі емес діндердің негізгі ұйымдары
туралы сондай-ақ олардың кейбірінің
тарапынан кездесуі мүмкін бүлдіргі
әрекеттерінің белгілері жайлы» тақырыбында семинар кеңес өтті. Семинарға Діни
бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңес мүшелері, аудан әкімдігі аппаратының бөлім
басшылары, селолық округ әкімдері,
учаскелік полиция мен ауыл имамдары, аудандық құқық қорғау
органдары (прокуратура, ішкі істер бөлімі, әділет бөлімі басшылары), аудандық
мекемелер мен ұйымдар басшылары, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-ның
өкілдері және Қазақстан Республикасы
Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің облыстық басқармасының Қапшағай аймағы
бойынша бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Аудандағы барлық 15 селолық округтерге және аудандық
ішкі істер бөлімі қызметкерлеріне Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылы 12
қыркүйектегі №177 қаулысына №2 қосымшасына сәйкес миссионерлік қызметпен
айналысатын азаматтарды есептік (қайта тіркеуге) қою мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандарттары күнделікті жұмыста басшылыққа алу үшін таратылып
берілген.
Аудандық «Балқаш Өңірі» газетінде діни ахуалға
байланысты айына 2 рет мақалалар беріліп отырады.
Аудандық «Оспанқожа» мешіті, селолық округ әкімдері
мен мектеп директорларының
ұйымдастыруымен ауыл мектептерінің
оқушылармен имандылық, тәрбие жайлы кездесулер өткізілді.
Ауданда миссионерлік қызметпен айналысушылар жоқ.
Аудан әкімдігі заматтардың діни сенім
бостандығын қамтамасыз етудегі ақпараттық – насихаттау іс-шараларын тұрақты
назарда ұстауда. Аудандағы бірден-бір баспасөз органы «Балқаш өңірі» газеті
айына 1 рет аудан халқтарының арасында діни экстремизмнің алдын алу
мәселелеріне байланысты мақалаларды
тұрақты беріп тұрады. Атап айтқанда
«Балқаш Өңірі» аудандық газеті, 02.04.2011ж
№13 санды нөмірінде «Жол айырығына жеткен жан» («Иегова куәгерлері»
сектасы жайында), «Балқаш Өңірі» аудандық газеті, 11.06.2011ж №23 санды
нөмірінде «Грейстің» қитұрқы амалдары атты (ҰҚК-нің тапсырмасы бойынша)
мақалалары жарық көрді. Ауданда «Ислам өркениеті» газеті 500 оқырманға таратылады. Бұдан басқа арнайы діни әдебиет пен діни мақсаттағы
заттарды сатумен, таратумен айналысатындар жоқ. Сондай-ақ дінаралық бөлініске,
жанжалдар мен террорлық акцияларды насихаттауға бағытталған әдебиеттер мен
үнпарақтар кездескен емес
Қазіргі кезде аудан халқының діни, рухани, имандылық
жағынан алға басып келеді. Жалпы ауданда дінаралық ахуал тұрақты сипатқа ие.