Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасының директоры
Қапсаланова Нұрия Тайпқызы Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасының қысқаша тарихы Қазан төңкерісінен кейін , Іле – Балқаш өңірінде жаңа мемлекеттік құрылымдар пайда болды . 1928 жылы қыркүйек айында Алматы Губкомына қарасты Балқаш ауданы құрылды . Аудан орталығы – Бақанас ауылы . Аумағы – 37,4 мың шаршы км . Халқы – 32 ,9 мың адам . Елді мекендер саны -33 Селолық округтер саны – 15 Кітапханалар – 14 1. Аудандық кітапхана 2. Ақдала ауылдық кітапхана 3.Ақкөл ауылдық кітапхана 4. Ақжар ауылдық кітапхана 5. Бақбақты ауылдық кітапхана 6. Береке ауылдық кітапхана 7.Бірлік ауылдық кітапхана 8. Балатопар ауылдық кітапхана 9 .Желтораңғы ауылдық кітапхана 10. Жиделі ауылдық кітапхана 11. Көктал ауылдық кітапхана 12. Қарой ауылдық кітапхана 13. Құйған ауылдық кітапхана 14. Топар ауылдық кітапхана
Ауданның экономикасы мен мәдениетінің өсіп - өркендеуіне Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы , Д.А.Қонаев зор үлес қосты . Аз жылдың ішінде экономикасы мен мәдениеті өркендеген алдыңғы қатарлы аудандар санына қосылды . 1964 – 1965 жылдары аудан орталығында 400 орындық мәдениет үйі , 27 кітапхана жұмыс істеп - 1997 ж . дейін қызмет көрсетілді . 1998 жылдары Балқаш ауданында оңтайландыру мақсатымен ауылдық кітапханалар, аудандық Мәдениет үйінде орналасқан балалар кітапханасы қысқартылып , аудандық кітапханаға біріктірілді . 1995 ж кітап қоры 90976 кітап қоры орысшасы 1991 жылы елімізде үлкен өзгеріс болып , бұрынғы Кеңес үкіметі , ыдырап , әр республика өз алдына жеке мемлекет болып құрылды . Ата – бабамыз аңсаған арманы орындалып , Қазақстан Республикасы өз алдына егеменді ел болып құрылды . 1997 жылы Республика Президентінің шешімімен кейбір аудандар іріленді . Осыған сәйкес Алматы облысының Балқаш ,Күрті аудандары біріктіріліп , Балқаш ауданы болып құрылды . 2011жылы кітапханаға 2 штат бірлігі беріліп Ақкөл, Құйған ауылдарында кітапхана ашылды. Балқаш аудандық кітапхана 2012 жылға 343,0 мың теңгеге мерзімді баспасөз басылымдарына жазылды. Барлығы – 78 дана.
Кітап қоры 2011 жылы С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасынан -5059 дана жаңа кітаптармен толықтырылды. Аудандық кітапхана интернет жүйесіне қосылды. 2011жылдың қаңтар айынан «КАБИС» программасы енгізілді. Оқырмандардың жаңа ақпараттық технология жетістіктерін – интернет ресурстарды , энциклопедия , сөздіктер мен анықтамалар коллекцияларын , балалар әдебиеті мен көркем әдебиеттері өз оқырмандарына қызмет көрсетуде . Аудандық кітапханада кітап қоры – 53379. Оқырман саны – 12619. Кітап берілімі – 154801. Келушілер саны – 53784. |
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |
.jpg)
.jpg)
.jpg)





