Ақпараттық насихат топтарының жұмысы 

 

Аудан бойынша құрамында 130 адамы бар 16 ақпараттық насихат топ құрылып, белгіленген кестелері бойынша жұмыстар атқарады. Олар көптеген   жиындар мен кездесулер өткізіп, Елбасы Жолдауын, Үкіметтік бағдарламаларды және мемлекеттік мерекелердің маңыздылығы мен мазмұнын әр уақытта насихаттап, халыққа толыққанды ақпарат беріп жүр. Мемлекеттік саясатты талқылауға селолық округтер тұрғындары, еңбек ұжымдарымен бірге аудандық мәслихат депутаттары,  «Нұр Отан» ХДП-ның бастауыш ұйымдары, кәсіптік одақтар, ардагерлер мен жастар ұйымдары өкілдері, діни бірлестіктер, ұлттық топтар өкілдері де белсенділік көрсетіп келеді. 

Ауданның идеологиялық активі  Елбасы Жолдауы жарияланған күннен бастап оның мазмұнымен мұқият танысып көптеген іс-шараларды белгілеп орындауға жұмылды. Бірінші кезекте Жолдауды аудан тұрғындары арасында таныстыру, түсіндіру және насихаттау жоспарлары жасалынып жедел жүзеге асырылды. АНТ-ның ауылдарға шығу графигі, Жолдауды насихаттау жоспары және  Жолдауды насихаттауға арналған медиа-жоспар жасалынып, бекітілді.

«Қазақстан 2030» Стратегиялық бағдарламасын, Елбасы Жолдауын, арналған іс шаралар саны – 152. Жыл басынан бері 110-нан аса жиындар мен кездесулер, 31 дөңгелек үстелдер, 2 конференция  өткізіліп, осы тақырыптар бойынша 76 мақалалар жарияланды.  Аталған шараларға 6 000 мыңға жуық адам қатыстырылды. «Жетісу» телеарнасында да ауданда өтіп жатқан игі шаралар уақытылы насихатталуда.

Аудандық АНТ-ның басшылығымен «Балқаш өңірі» газетінде мемлекеттік мерекелер, ұлттық мерекелер мен кәсіби мерекелер қарсаңында тақырыбқа сай арнайы айдарлар ашылып, мақалалар мен өлең-жырлар үнемі жариялануда.  Жалпы мемлекеттік саясатқа аудан тұрғындары  әрқашанда қолдау білдіруде.