Әкім


 

 

Қош келдіңіздер!
Құрметті, Ғаламтор желісін пайдаланушылар!

Аудан әкімінің блогына қош келдіңіздер. Балқаш ауданының әлемдік ақпарат желісіне қосылуы оның беделін халықаралық ақпараттық қоғамдастық алдында көтеріп қана қоймайды, сонымен қатар, жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Ақпараттық дамудың жаңа, сапалы сатысына көтерілу бізге Қазақстанның басқа өңірлеріндегі мемлекеттік басқару органдарымен бірлескен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді, тұрғындардың барлық топтарымен және санаттарымен қажетті ақпарат алмасу жүйесі жетілдіреді және тездетеді. Балқаш өңірінің тұрғындары үшін, әртүрлі мемлекеттік емес бірлестіктер мен ұйымдар үшін, біздің сайтта орналасатын, біз қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерге еркін қол жеткізу мүмкіндігі туады. Сіз жергілікті атқарушы органдардың құрылымы, олардың атқарған жұмысы туралы ақпарат алып, қарастырылатын мәселелер жөнінде өз ұсыныстарыңызды енгізе аласыз. Біздің сайтымыздағы ақпараттар үнемі толықтырылып отырады, әрбір мұқтаж адам өзіне қажетті көмек ала алады. 


Құрметпен, Балқаш ауданының әкімі 
Көшкімбаев Айтбай Жексембайұлы